Сұрақ-жауап айдары
1. Сұрақ: Біз тәуелділікпен күрестің көптеген әдістерін байқап көрдік – кодтау, ине егу, оқшаулау, бірнеше рет стационарға жүгіндік. Меніңше, бізге ештеңе көмектеспейтін сияқты.
ЦАЛ медициналық психологы, Евгений Ян жауап береді.
Жауап: Көбінесе адамдар тәуелділіктің туындау себептеріне қатысты жаңылысады: жігерсіз немесе физикалық ақауы болғаннан осындайға барды деп ойлайды. Шындығында, биологиялық және әлеуметтік алғышарттарға қарамастан, аурудың себебі психологиялық себептерге көп байланысты, сондықтан да денені емес, «басты» емдеу қажет.
Сондықтан да өткен шақтарда дұрыс нәтижеге қол жеткізу әрекеті сәтсіз аяқталды, яғни емдеу керек нәрсені емдемеді. Егер оны тұтыну негізіне жататын себептер анықталмаса, тәуелділікті қолдайтын сенімі пысықталмаса, басқа да барынша барабар ден қою тәсілдері қалыптастырылмаса, көп жағдайда, жай кодтау жеткіліксіз болады. Бұл факторлардың барлығы емдеудің екінші кезеңіндегі психотерапияның нысанасы болып табылады.
Тағы да көп кездесетін жағдай – адамда бірнеше айға күндізгі стационарға жатқызады. Бұл ретте ешқандай психотерапевтік жұмыс жүргізілмейді. Емделуге ынта қалыптаспайды.
Науқас өзін түрмеге қамалғандай сезінеді. Сосын емделіп шыққаннан соң, ерегісіп, одан көп мөлшерде қабылдап кетеді. Біздің орталықта кезең-кезеңмен психикалық оңалту жүргізіледі. Оның маңызды кезеңі туыстарымен бірге пациентті емделуге ынталандыру болып табылады.
2. Сұрақ: Біз туысымыздың тәуелділіктен арылғанын қалаймыз. Бірақ оңалту орталықтары туралы адам шошырлық жағдайларды: бұл арандатумен айналысатын діни секта немесе пациентті ұрып-соғады деп естіп жатамыз осындай жағдайларға ұрынбау үшін не істеу қажет?
Жауап: біздің орталық мемлекеттік клиника базасында орналасқан. Ол тек пациенттерге кәсіби медициналық және психологиялық көмек көрсетуді қамтиды. Барлық қызметкерлер жоғары білікті мамандар.
3. Сұрақ: Туысы тәуелді адаммен қарым-қатынаста өзін қалай ұстағаны дұрыс?
ЦАЛ психотерапевті О.С. Когай жауап береді:
Жауап: Тәуелді адамдардың ата-аналары, әдетте, өз мінез-құлқында бірқатар қателіктерге бой алдырады:
Біріншіден, олар «бар күшімен» тәуелдіге көмектескісі келеді, ал ол болса психикалық белсенді заттарды тұтынғаннан не құмар ойын ойнағаннан ләззат алады, сондықтан «бар күшімен» ұсынған көмекпен қарсыласады;
Екіншіден, тәуелділерді бақылауға тырысады, мысалы, оны достарымен арластыруды шектеп не арақ немесе есірткі сатып алуға кедергі келтіреді. Сол кезде тәуелді адам тығылып, олардан қаша бастайды, туыстары оны іздеп, артынан қудалайды.
Үшіншіден, туыстары тәуелдінің барлық проблемаларын шешуге тырысады («оны қолдау керек»), мысалы, әріптестерінен оның зиянды затты тұтынатынын жасырады, салынып ішуді тоқтатқанша жалған еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алады, немесе оның қарызын қайтарып, бас бостандығынан айырылған орыннан «шығарып алады».
Төртіншіден, керісінше, тәуелділерді барлық күнә, адамгершілікке жат әрекеттері, арсыздығы және т.б. үшін айыптайды, тәуелділік – кәсіби команданың ұзақ әрі білікті көмегін талап ететін созылмалы мінез-құлықтық бұзылыс екенін естен шығарып алады.
Бесіншіден, бір сеанста тәуелділіктен толық арылтуға уәде беретін емшілер, экстрасеанстар, арбағыш, сиқыршылар іздей бастайды.
Осы және басқа да қателіктер тәуелді адамдарда сол немесе өзге тәуелділіктің нығаюына, күшеюіне алып келеді. Мінез-құлықтың дұрыс стратегиясын қалыптастырып, жақын адамға қалай көмектесуге болады? Өзекті сұрақтарға жауапты біздің Орталықтан ала аласыздар.
4. Сұрақ: клиникаға көмекке қашан жүгінген жөн?
Жауап: Егер осы сұрақ басыңызға келсе, демек уақыты келгені. Тәуелділік проблемасы өздігінен шешіле салмайды. Емнің сәтсіз болуына да себеп көмекке дер кезінде жүгінбегендіктен болып жатады. Емді қалай ерте бастасақ – оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі де молырақ болады.
5. Сұрақ: Сіздерде алкоголизм мен нашақорлықты ғана емдей ме, әлде басқа тәуелділіктермен де жүгінуге бола ма?
Жауап: Орталық базасында химиялық та (алкоголь, есірткі), химиялық емес: ойын құмарлық, махаббатқа тәуелділік және т.б. аддикацияның барлық түрлерінің психотерапиясы бар.